ҚТЖ-ның 1500 қызметкері темір жолды қардан тазалауда - Жаңалықтар | BNews

ҚТЖ-ның 1500 қызметкері темір жолды қардан тазалауда

12 қаңтар, 16:14 1595 Ақмола облысы
ҚТЖ-ның 1500 қызметкері темір жолды қардан тазалауда

Бірқатар аймақтарда автокөлік жолдарының жабылуына орай, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатынада қосымша 25 вагон жолға  шықты.

«Қазақстан Темір Жолы» ауа райына байланысты  күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде, деп хабарлайды BNews.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10-11 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында боранның жылдамдығы секундына 20 метрге жетті.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе жол бөлімшелерінде 35 қар тазалау мен аршу техникалары мен 1500-ден астам жолшылар жұмылдырылды.

Теміржолшалар әсіресе Астана-Ерейментау, Астана-Қарағанды, Астана-Атбасар, Қарағанды-Ағадыр, Жарық-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл, Шалқар-Қандыағаш телімдеріне ерекше көңіл бөліп отыр.

Магистральдық желі бойынан 11 мың текше метр қар шығарылды. Барлық түрлі қар тазалау мен қар аршу техникалары 60 рет сапарға шығып келді.

Барлық теміржол желілерін тазалау жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

Бір тәулік ішінде 4500-ге жуық жолаушы тасымалданды. Аса маңызды бағдарларға жолаушыларды жеткізу үшін 25 қосымша вагондар тартылды.

Жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін барынша шұғыл шаралар жасалуда.

Ауа райының төтенше жағдайлары қалыптасқан жағдайда теміржол вокзалдарында қосымша орындықтар, жолаушыларға арналған демалыс бөлмелері, ана мен бала бөлмелері қосымша іске қосылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар