Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды - Жаңалықтар | BNews

Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

14 наурыз, 17:27 190 Астана
Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы экономика министрі бір топ тұлғамен алдын-ала келісім бойынша үлкен көлемде пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Шығын көлемі 1 млрд теңгені құрайды.

Астананың қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотында бұрыңғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот  үкімі шықты.

Экс-министр жымқырудың қылмыстық схемасын құрғаны және құрылыс компанияларынан пара алды деп айыпталып отыр. Жемқорлыққа қарсы ведомствода атап өткендей, ол жеті дерек бойынша 346 млн теңге пара алып,  мемлекеттік бюджеттен 1,2 млрд теңге жымқырғаны үшін айыпталуда. Атышулы жемқорлыққа қатысты істе Бишімбаевтан өзге бұрынғы мәжілісмен Қабиболла Жақыповтың ұлы және "Бәйтерек" ұлттық компаниясы мен еншілес ұйымдарынан 21 адам да тергеуге алынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бірнеше ай бойы барлық тараптардың куәләрін тыңдаған сот Әділхан Шайхисломов бүгін сот үкімін шығарды.

"Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп танып, өмір бойы мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқару құқынан айырып, жеке мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы кесілсін", - деді сот Әділxан Шайxисламов.

Қуандық Бишімбаев халықтан және Елбасынан кешірім сұрағаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 

Прокурор Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Ұқсас жаңалықтар