Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры "Золотой Витязь" театр форумында Гран-при жеңіп алды

12 желтоқсан, 2018, 10:58 1833
Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры 

Байқауда театр әртістері Уильям Шекспирдің "Отелло" трагедиясын сахналады.

Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық "Золотой витязь" театр форумында Гран-при жеңіп алды, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Театр форумына осы жылы Сербия, Армения және Қазақстанның үздік театрлары қатысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының ұжымы Армен Джигарханян театрында өнер көрсетіп, Мәскеу халқы Шекспирдің "Отелло" шығармасын қазақ тілінде тамашалады. Шығарманың қоюшы-режиссёры – ҚР халық әртісі, профессор Талғат Теменов.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#театр #форум

Читайте также

Похожие новости