Құл-Мұхамед халықаралық қатынастар бойынша Сенат комитетінің құрамына сайланды - Жаңалықтар | BNews

Құл-Мұхамед халықаралық қатынастар бойынша Сенат комитетінің құрамына сайланды

15 ақпан, 10:57 1343 Астана
Құл-Мұхамед халықаралық қатынастар бойынша Сенат комитетінің құрамына сайланды

Мұхтар Құл-Мұхамед Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеуге өзі ниет білдірді.

Мұхтар Құл-Мұхамед ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін Мұхтар Құл-Мұхамедті Парламент Сенатының комитет мүшесі етіп сайлау туралы Сенаттың қаулысы шықты. "Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі" туралы ҚР Конституциялық Заңының 25-бабы 2-тармағының 1 тармақшасына және "ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, Парламент Сенаты қаулы етті.

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев комитетке сайланған Сенат депутатын құттықтап, ісіне табыс тіледі. 

"Өздеріңіз білетіндей, Президент Жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхамед Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол мемлекеттік жоғарғы лауазымдарда қызмет атқарған белгілі саяси және қоғам қайраткері. Мұхтар Абрарұлы Сенат жұмысына өзінің қомақты үлесін қосар деп сенемін. Сізге табысты жұмыс тілейміз", - деп құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Мұхтар Құл-Мұхамедтің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеуге өзі ниет білдіргенін атап өтті.

"Егер қарсылық болмаса, оның осы комитет құрамына сайлануы туралы Сенат қаулысын дауысқа саламын", - деп сөзін толықтырды Сенат төрағасы.

Еске сала кетейік, 5 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед 2018 жылдың 1 ақпанында ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Ал Мұхтар Құл-Мұхаммедтің орнына Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары