Елордада М.Нәрiкбаев атындағы заманауи кiтапхана ашылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 369.35
EUR 421.47
CNY 53.45
RUB 5.57

Елордада М.Нәрiкбаев атындағы заманауи кiтапхана ашылды

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ, 30 наурыз 2016 ж 13:49 , Астана
ФОТО: автор

Бүгiн Астанада «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ-тың тұңғыш президенті Мақсұт Нәрікбаев атындағы заманауи кiтапхананың ашылу салтанаты өттi. Шара қайраткердiң туған күнiнде ұйымдастырылды, М.Нәрiкбаев көзi тiрi болғанда бүгiн 76 жасқа толар едi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Кiтапханының ашылуында лентаны «Қазақстанның даму банкi» АҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмiшев пен Мақсұт Нәрiкбаевтың жұбайы – Қасиет Нәрiкбаева кестi. Кітапхана кез келген адамға қолжетімді, олар қонақ абонементімен мұрағат қорларын пайдалана алатынын атап өту керек.  

«Жаңа кiтапханада 400 мың кiтап бар. Ал Мақсұт Сұлтанұлының кітап қоры 4 мыңға жуықтайды. Бұл электрондық базаны есептемегендегi көрсеткiш. М.Нәрiкбаевтың барлық кiтабы кiтапханаға сыйға тартылды. Бұл тек алғашқы кезең, университеттiң алдағы стратегиясында оқу орны аумағында кiтапханаға арналған жеке ғимарат салу жоспарда бар», - дедi «ҚазГЗУ Университеті» басқарма төрағасының орынбасары Надежда Коробко.

Сондай-ақ, бүгiн «ENDOWMENT KAZGUU» Корпоративті қорының таныстырылымы өттi. Мақсұт Сұлтанұлының өзі кезінде осы идея мен жобалардың бастамашысы болған.  

Еске алу шарасына Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері мен университеттің белгілі түлектері қатысты.

Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев – Кеңес және Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстанның Бас прокуроры, Қазақстан Жоғары сотының төрағасы, Қазақстан Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, 2-сыныпты мемлекеттің әділет кеңесшісі, жоғары сыныпты судья, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

2000 жылдан 2013 жылға дейін Қазақ Гуманитарлық заң академиясының ректоры (Алматы қ.), Қазақ Гуманитарлық  заң университетінің президенті (ректоры) болған (Астана қ.).