Құны 96 млн теңге болатын контрабандалық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды

Написать нам
27 қазан, 2018, 12:28 2592 Алматы облысы
Құны 96 млн теңге болатын контрабандалық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды

Облыстың екі аудандық сотының үкімдерімен экономикалық контрабанданы ұйымдастырғаны үшін кәсіпкерге 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Бас көлік прокуратурасымен Алматы облысының сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларымен кедендік заңнаманы сақтауына тексеру жүргізу барысында 96 млн. теңгеден астам сомаға экономикалық контрабанданың белгілері бар қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, деп хабарлайды BNews.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, "AlemКazКargo" ЖШС атына келген автокөлік құралын тексеріп қарау кезінде кедендік ресімдеуге мәлімделмеген тауарлар, яғни автобөлшектер, ұялы телефондарға қосалқы бөлшектер және басқа да заттар анықталды.

Бұл ретте көлік құралының ішіндегісі транзиттік декларация беру кезінде Алматы облысы бойынша МКД "Алтынкөл" кеден бекетінің маманымен бұрын тексерілген болатын.

Серіктестік директорының заңсыз әрекеттерімен және кеден маманы қызметіне адал қарамауы салдарынан мемлекетке 27 млн.теңгеден астам шығын келтірілді.

Облыстың екі аудандық сотының үкімдерімен экономикалық контрабанданы ұйымдастырғаны үшін (ҚК 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы) кәсіпкер 2000 АЕК мөлшерінде, ал мемлекеттік органның қызметкері салғырттыққа жол бергені үшін (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

96 млн. теңгеден астам сомадағы контрабандалық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар