ШҚО-да термоядролық синтезді зерттеуге арналған қондырғының 1-кезеңі іске қосылды

13 маусым, 2017, 18:42 507
ШҚО-да термоядролық синтезді зерттеуге арналған қондырғының 1-кезеңі іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында ҚТМ Қазақстандық материалтану токамагы қондырғысын физикалық іске қосудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл бірегей жоба Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның атом ғылымын дамыту және әлемдегі ITER-дің бірінші термоядролық реакторы халықаралық жобасын қолдау мақсатында Ресей Федерациясымен тығыз ынтымақтастық жасай отырып іске асырылды.

«Қазақстандық Токамак» - термоядролық реактордың жоғары температуралы режимінде жұмыс жасайтын материалдарды зерттеу және сынауға арналған әлемдегі жалғыз қондырғы болып табылады.

Термоядролық энергетика – экологиялық таза, орасан зор отын қорлары бар қауіпсіз жаңа энергия көзі. Бұл дәстүрлі көмірсутекті энергия көздерін ауыстыруға мүмкіндік беретін, адамзаттың энергетикалық түйінді мәселелерінің шешімі болып табылады.

Реакторлық материалтануға арналған әлемдегі бірінші технологиялық токамакта бірлескен зерттеулер жүргізу Қазақстанның дүниежүзілік термоядролық бағдарламада жетекші орындардың бірін алуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 26 мамырда Ресей Федерациясының Қазан қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстандық материалтану токамагы базасындағы эксперименттік кешенді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойылғаны белгілі.

Халықаралық «Астана-ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу шеңберінде «Тұрақты энергетиканың дамуын қамтамасыз ету» Министрлік конференциясы барысында «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның бас директоры Е. Батырбеков пен ИТЭР халықаралық ұйымының бас директоры Бернар Биго арасында Қазақстандық токамакта бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы келісімге қол қойылды.

Энергетикалық термоядролық реакторларды құру болашақта адамзатты таусылмайтын, экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз етеді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы

Читайте также

Похожие новости