Құрт туралы жаңа ән "Зың-Зың" хитіне бәсекелес болуы мүмкін - Жаңалықтар | BNews

Құрт туралы жаңа ән "Зың-Зың" хитіне бәсекелес болуы мүмкін

02 ақпан, 14:43 2426
Құрт туралы жаңа ән

"Соси курт" ("Құрт сор") әніне түсірілген бейнебаянды аз уақыт ішінде 3 мыңнан астам адам қарап үлгерген.

Ілияс Жапаровтың "Соси курт" әні әлеуметтік желілерде танымал болып жатыр. Желі қолданушыларының ойынша, бұл хит көптің сүйікті әніне айналған "Зың-Зың" әнінің орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл әнге түсірілген бейнебаян Youtube каналында бір ай бұрын пайда болған. Сол уақыттан бері оны 3 мыңнан астам адам қарап үлгерген. Алайда ән енді ғана танымал бола бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары роликке белсенді түрде пікір қалдырып, оны мессенджерлер арқылы бөлісуде.

 

"Өте тамаша бейнебаян", - деп жазды Instagram _b.a.4teen қолданушысы.

"ҚҰРТО! Качаеееет)))! Жарайсыңдаааар!", - деп атап өтті ASL PL Youtube каналында.

"Бұл қыстың тренді, отвечаю", - деп жазды Ербол Ерғазыұлы.

"Бұл енді менің сүйікті әнім", - деп жазды Sandi Queen4 Youtube каналында.

Сонымен қатар, Youtube каналындағы Yuframe аккаунтында әннің авторлары бейнебаянды жүктегенде "Әннің атауын қатты сынға алмаңыздар, себебі бұл трек біздің сүйікті, ұлттық тағамымыз туралы" деп жазды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары