Құтқарушылар астаналық балықшылар мен аңшылардың қауіпсіздігін бақылады

10 қаңтар, 2019, 18:27 574 Астана
Құтқарушылар астаналық балықшылар мен аңшылардың қауіпсіздігін бақылады

Астана қаласы ТЖ департаменті адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.  

ТЖ Департаменті адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін қарапайым қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қыс мезгілінде балық және аң аулауға байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖ департаментінің қызметкерлері құтқарушылармен бірге Есіл өзенінде рейд өткізді. Рейд барысында балықшыларға қауіпсіздік шараларын сақтаудағы талаптар түсіндірілді.

"Адамдар кейде балық аулау мен аң аулау кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемейді: қатпаған мұзға шығады, метеожағдайларды алдын ала нақтыламай, балық аулауға немесе аң аулауға барады. Сонымен қатар, жылы киініп, жылытуға арналған құралсыз жолға шығу жеткіліксіз", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, бейтаныс жерлерге, мұзға шамадан тыс жүктелген техникамен шығу сынды бұзушылықтар да бар. Осыған байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті балықшылар мен аңшыларды адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар