Құтқарушылар күшті жел кезінде не істеу керектігін айтты

30 қараша, 2018, 10:05 2533 Астана
Құтқарушылар күшті жел кезінде не істеу керектігін айтты

ТЖД мамандары зардап шеккен жағдайда міндетті түрде дәрігерге бару керектігін ескертеді.

Астана қаласында дабылды ескертудің жариялануына байланысты елорданың ТЖД күшті жел кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау керектігін еске салады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Астана қаласының ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына күшті жел кезінде мынадай ережелерді сақтауға кеңес береді: "Мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз. Көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз. Құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет. Пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздар. Жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз. Орын жайларда терезеден алшақ жүріп, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды "шалшықты" айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен шаңғышы сияқты, жеңіл адыммен жүріңіз; жолды жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз", - делінген хабарламада.

ТЖД мамандары зардап шеккен жағдайда міндетті түрде дәрігерге бару керектігін ескертеді.

"Естеріңізде болсын: арқамен, бетпен құлау адамның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бастан зақым алуыңыз мүмкін.  Зардап шеккен жағдайда  алғашқы медициналық көмек алу үшін міндетті түрде дәрігерге бару қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп мәлімдеді департаментте.

Еске салайық, "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша 30 қарашада Астанада тұман, көктайғақ, боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар