Құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

29 қараша, 2018, 19:11 1719 Астана
Құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Мұз үсті жиі қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті.

Ауа температураның құбылмалы болуы мен күннің жылынуы тұрғындарға айтарлықтай қауіп төндіреді, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен "Орталық өңірлік жедел құтқару жасағы" ММ бірлесе отырып, "Қауіпсіз мұз" атты жылжымалы брифинг өткізді. Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың судан ажал құшуын болдырмау мақсатында алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Мұз үсті әсіресе жиі қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті. Мамандар адам үшін мұзды суда өмірімен күресу өте қиын әрі қауіпті екенін айтады. Мұндай сәтте әр секунд бағалы.

"Жыл сайын жұқа мұз бірнеше адамның өліміне себепкер болады. Көбінесе ата-анасының қарауынсыз мұздың үстіне ойынауға шығатын балалар мен жұқа мұздың үстіне шығып, тәуекелге баратын балықшылар құрбан болады", – дейді ТЖД ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдар бөлімінің басшысы  Эльдор Райымбеков.

Сонымен қатар, аудандық бөлімшелердің қызметкерлері мен ЖПҚ бірлесе отырып, балық аулау учаскелерінде рейдтік іс-шараларды жүргізді. Қалалық балық аулау және аңшылық дүкендерінде де алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Келушілерге балық және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Есіл өзенінің ең қауіпті аумақтарында мұзға шығуға тыйым салынатындығын білдіретін 36 белгі қойылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы еске салады. Мұз үстінде жүргенде мұздың жұқа әрі қатпаған аумақтарына шығуға, топ болып жиналуға, қараңғыда мұзға шықпауға, сондай-ақ от жағуға тыйым салынады. Балық аулау кезінде құтқару жабдықтарын ұмытпау қажеттігі айтылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар