Күзде 17 мыңнан астам қазақстандық әскери қызметке аттанады

26 қазан, 2018, 12:02 2651 Шығыс Қазақстан облысы
Күзде 17 мыңнан астам қазақстандық әскери қызметке аттанады

2018 жылы әскерге 1992-2000 жылдары аралығында туылған азаматтарды шақыру жоспарланып отыр.

Семейдегі қалалық Мәдениет үйінде жас толымды шығарып салуға арналған "Шақырылушы күні" салтанатты шарасы өтті. Әскери-патриоттық акциясын "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы мен Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационал жауынгерлер, Қарулы күштердің ардагерлері, "Жас ұлан" мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері, Семей қаласы әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, әскери-техникалық мектептің курсанттары, қаланың жалпы білім беру мектептері мен колледждерінде білім алып жатқан шақыруға дейінгі жастар, қала әкімдігінің білім және ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.

ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметшілер сөз сөйледі. Іс-шара соңында шақырылушылар мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Осы жылдың күзінде ҚР Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1992-2000 жылдары туылған 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар