Күзде СҚО-дан 100 тонна соя бұршағы Қытайға жөнелтіледі

4 Июня, 2018, 17:02 2606
Күзде СҚО-дан 100 тонна соя бұршағы Қытайға жөнелтіледі |  | BNews.kz

Жалпы, Қытайға 150 мың тонна майлы дақылдарды жiберу жоспарланып отыр.

Солтүстiк Қазақстан облысына Қытай Халық Республикасынан мемлекеттiк азық-түлiк басқармасы басшысының орынбасары Цзэн Лиин бастаған делегация келдi, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегацияның құрамында азық-түлiк басқармасының өкiлдерi, ҚХР май және азық-түлiк ассоциациясының басшылығы және iрi компаниялардың директорлары бар.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Аспан асты елiнің делегациясымен кездестi. Кездесу барысында СҚО және ҚХР арасындағы жергiлiктi өнiмдi экспорттау төңiрегiндегi өзара әрiптестiк перспективалары талқыланды. Қазiр СҚО елдегi бидайдың 30 пайызын, майлы дақылдардың 40 пайызын өндiредi. Ең бастысы солтүстiктiң өңiрдiң экологиясы көңiлге қонымды.

"Солтүстiк Қазақстанның басты ерекшелiгi құнарлы топырақта экологиялық таза өнiмдi өндiру болып табылады. Бiзде өнiмдi Қытайға экспорттауға мүмкiндiктер зор",- дедi Құмар Ақсақалов.

Өз кезегiнде Цзэн Лиин ханым Солтүстiк Қазақстанның ерекшелiгiн тағы бiр атап өттi.

"Жол бойы СҚО-ның аумағын қарап шықтық, бұл өңiрдiң құнарлы жерлерге бай екенi көрiнiп тұр. Бiз Қытайға солтүстiктiң құнарлы топырағында өскен соя бұршағын импорттауға дайынбыз. Қазiр Қытай соя бұршағын Аргентина және Бразилиядан әкеледi. Сондықтан, солтүстiкқазақстандық өнiмдi сатып алу бiзге әлдеқайда тиiмдiрек", - дедi ҚХР мемлекеттiк азық-түлiк басқармасы басшысының орынбасары Цзэн Лиин.

"Бiз күзде соя бұршағының 100 тонна көлемiндегi алғашқы партиясын жiберуге дайынбыз. Жалпы, Қытайға 150 мың тонна майлы дақылдарды жiберемiз. Ары қарай көлемдердi ұлғайта түсемiз. Қысқа қарай келiсiмдерге отырып, үздiк шаруашылықтарды анықтаймыз", - дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО бүгiнгi таңда Хубэй, Шаньси және Шаньдун провинцияларымен мықты қарым қатынас орнатқан. Өңiрде Қытай мен Қазақстанның бiрлескен кәсiпорындары ашылуда. Соның бiр айғағы - "Тайынша Май" серiктестiгiнiң "Айцзю" компаниясымен бiрлесiп ашқан майлы дақылдарды қайта өңдейтiн iрi зауыты.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости