Латынға көшу – сананы жаңғыртуға бетбұрыс - Жаңалықтар | BNews

Латынға көшу – сананы жаңғыртуға бетбұрыс

13 қыркүйек, 18:30 542 Астана
Латынға көшу – сананы жаңғыртуға бетбұрыс

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын ел зиялылары, өнер және мәдениет ошақтарының ұжымы бірауыздан қолдауда, деп хабарлайды Вnews.kz

«Осы жылдың басында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалаңыздағы руханияттың санасы мен мінезін өзгерту керек деген сөздеріңіз бүкіл елді жігерлендіруде. Бұл Сіздің еліңізге, халқыңызға деген сүйіспеншілігіңізден туындаған күрескерлік, жанашырлық, намысшылдығыңыз деп білеміз. Заманына қарай жылдам қарқынмен қарыштап бара жатқан жаһандық заманға өзіміздің төл тарихымыз бен этно мәдениетімізбен, дінімізді, тілімізді сақтай отырып ерекшеленіп ену, біздің халқымызға зор қуат пен жігерлі күш береді», - деп жазады Елбасының атына жолдаған жеделхатында бір топ ел зиялылары.

Жеделхатқа қол қойған ақын-жазушылардың, атап айтсақ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары – жазушылар: Сәбит Досанов, Әлібек Асқаров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері-ақындар – Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет пайымдауынша, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді оқулықтарды, бәрін де де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Сондықтан 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек деген сөзіңіз бүкіл зиялы қауымның көптен күткен қуанышы еді.

«Себебі, біздің сананы жаңғыртудағы рухани даму, өркендеу жолымыз, осы қазақ тілінің жаңа әліпбиінен бастау алғалы тұр. Осы орайда, зиялы қауым өкілдері де тілге қатысты өз ойларымызды білдіреміз. Латын қарпі өзіңіз айтқандай, бізге таңсық емес, бұрындары да Қазақ елі осы қаріп түрін қолданған болатын. Алғашқы төте жазуынан кейінгі қарпіміз. Мұрағаттардағы небір аудармаларымызы осы тілде десек те болады. Сонымен бірге, нәубет жылдары дүниеге тарыдай шашылып кеткен қазақ жұртының тілі мен әдебиетінің табысар жолы»,-дейді тұңғыш Президентіміздің қабылдаған бастамаларына толық қолдау көрсеткен зиялы қауым өкілдері.

Олардың айтуынша, 25 жылдан астам уақытта тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерінің барлығы - Елбасын үнемі қолдайтын халқының жеңісі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары