Латвиялық полиция Асылбек Мусиннің өліміне қатысты істі жапты

11 шілде, 2018, 11:42 2159
Латвиялық полиция Асылбек Мусиннің өліміне қатысты істі жапты

Қылмыстық іс-әрекеттің белгісі анықталмағандықтан, іс жабылды.

Ригада қайтыс болған Қазақстан азаматы Асылбек Мусиннің өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды BNews.kz.

Латвиялық полицияның мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттің белгісі анықталмағандықтан, іс жабылды", - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы – Асылбек Латвияның Рига қаласында өткен жылы желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні 15-қабаттан құлап, қайтыс болған еді. Аталған қайғылы оқиғаға қатысты іс 2017 жылы 22 желтоқсанда сағат 23.42-де тіркелген. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар