Левит GGG мен "Канело" реваншына болжам жасаудан бас тартты - Жаңалықтар | BNews

Левит GGG мен "Канело" реваншына болжам жасаудан бас тартты

02 наурыз, 2018, 10:10 1806
Левит GGG мен 

Сонымен қатар, ол боксшылардың алғашқы кездесуіне пікірін білдірді.

Қазақстандық боксшы Василий Левит Kazakh TV телеарнасындағы "Sports nation" бағдарламасында Головкин мен Альварестің бірінші кездесуіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Бокста, оған қоса, мынадай жекпе-жекте мен ешқандай болжам айтпаймын. Бірінші кездесу өте жақсы өтті. Маған ол ұнады. Менің қарапайым ойым: мен жеңісті біздің боксшымызға берер едім", - деді Левит.

Напомним, что реванш Головкина и Альвареса состоится 5 мая.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші рет кездесуі 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кешінің билеттері 28 ақпаннан бастап сатылымға шығарылды. Олардың бағалары 300 (96 000 теңге) - 5 000 доллар (1 600 000 теңге) аралығында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар