LG компаниясының басшысы қайтыс болды

20 мамыр, 2018, 17:04 2974
LG компаниясының басшысы қайтыс болды

Ку Бон Му әкесі Ку Джагеннан кейін директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, корпорацияны 1995 жылдан бері басқарып келді.

LG Group төрағасы Ку Бон-Му (Koo Bon-moo) Оңтүстік Кореяда 74 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол 17 мамыр күні Сеулде ауруханаға жатқызылған болатын. Жыл басынан бері төрағаның миына бірнеше рет ота жасалып, күн сайын оның жағдайы нашарлай түскен. Соңында, ол ем қабылдаудан бас тартып, соңғы күндерін отбасының ортасында өткізді.

Ку Бон Му әкесі Ку Джагеннан кейін директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, корпорацияны 1995 жылдан бері басқарып келді. Оның артында әйелі, екі қызы және асырап алған ұлы Ку Кван-му қалды. Алдағы уақытта дәл осы Ку Кван-му компанияны басқарады деген болжам бар.

Корпорация басшысының соңғы тілегін орындаған оның отбасы жерлеу рәсімдерін сән-салтанатты етіп өткізуден бас тартып, гүлдер және көңіл айтқысы келгендерді қабылдамайтынын мәлімдеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар