Ливанда Қазақстанның туы көтерілді

15 қараша, 2018, 13:14 3042
Ливанда Қазақстанның туы көтерілді

ҚР Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың қатысуымен өтті.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың қатысуымен Ливан Республикасында Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет бітімгершілік контингент Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның миссиясына қатысуда. Үнділік серіктестермен бірлесе бітімгершілік ротаның үйлесуі аясында қажетті дайындық жұмысы жүргізілді. 

"Мемлекеттік тудың көтерілуі – бұл еліміз үшін тарихи оқиға. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасын тұрақсыз мүше ретінде етіп сайлау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси үндеуінде бітімгершілік қызметтті кеңейту және қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы туралы Қазақстанның ниеті айтылды. Менің ойымша, біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық. Бүгінгі таңда бітімгершілеріміз өздерінің міндеттерін орындауға келді және кірісіп те кетті", - деді генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.

2018 жылғы қазан айының соңында "Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері" миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына "Индбат" үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік полктің құрама бітімгершілік ротасының 120  әскери қызметшісі жолданған. Бөлімшенің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосатынын, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның беделін нығайта түсетінін айта кетейік.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар