Мәдениет министрлігінің ұжымы өрттен қаза тапқан қыздардың ата-анасына бір күндік жалақыларын аударады

05 ақпан, 2019, 17:12 1646
Мәдениет министрлігінің ұжымы өрттен қаза тапқан қыздардың ата-анасына бір күндік жалақыларын аударады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қайтыс болған бес қыздың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Астанада өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасына бір күндік жалақыларын аударады. Бұл туралы ҚР МСМ басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Астанада бес бірдей қыз баланың қазасына қатты қапаланып отырмын. Балаларынан айырылып, қанаттары қайырылған отбасына қолдау көрсету керек деп санаймын. Министрлігіміздің ұжымы ақылдаса келе бір күндік жалақымызды аударамыз деп шештік. Әке-шеше, туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, берік болыңыздар", - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салсақ, 4 ақпанда түнде "Сарыарқа" ауданындағы "Көктал-1" тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. Ең кішісі небәрі үш айда болған.

Қазақстан Президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен Астана қаласының әкіміне зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Арыстанбек Мұхамедиұлы #өрт #балалар #көңіл айту

Читайте также

Похожие новости