Мадридте қазақ әдебиеті мен өнерінің орталығы ашылды

Написать нам
03 желтоқсан, 2018, 11:05 1681
Мадридте қазақ әдебиеті мен өнерінің орталығы ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен испан кітапханасы арасында хаттамаға қол қойылды.

Испанияның астанасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасында Қазақ әдебиеті мен өнер орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов шетелде қазақ әдебиеті орталықтарын ашу жобасы қоғамдық сананы трансформациялау бойынша "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, Елші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты жуырдағы бағдарламалық мақаласы "Рухани жаңғыру" бастамасының жалғасы екендігін және Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын өзектендіруге ықпал ететініне назар аударды.

Іс-шараға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры У. Мұналбаева, AECID Мәдени және ғылыми байланыстар жөніндегі директоры М. Альберо, AECID кітапханасының директоры М.А. Гарсия Мартин, агенттіктің қызметкерлері, Испанияның жоғары оқу орындарының өкілдері, испан тіліндегі казақ поэзия мен прозасы "Антология" жобасының қатысушылары, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімнің қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасы арасында әрекеттердің жалпы хаттамасына қол қойылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар