«Майлино» полигонында түнгі жағдайларда  жауынгерлік оқ атулар өтті

6 Октября, 2017, 17:24 2209
«Майлино» полигонында түнгі жағдайларда  жауынгерлік оқ атулар өтті |  | BNews.kz

2017 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісті тапсыруы аясында Аягөз гарнизонының «Майлино» полигонында жауынгерлік оқ атумен «Түнде қорғаныстағы батальондық-тактикалық топ» тақырыбы бойынша батальондық-тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Аягөз гарнизонының бірқатар бөлімшелері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді және оқу-жаттығу полигонының ауданына шығарылды. Онда күндізгі және түнгі жағдайларда жауынгерлік оқ атумен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу жауынгерлік оқ атумен өткізілді. Оқ ату танктерден, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарынан (ЖӘЖМ) және артиллериялық батареянының қолдауымен атыс қару-жарағынан жүргізілді.

Батальондық-тактикалық топтың командирі жауынгерлік шынайылыққа барынша жақындатылған жағдайда тапсырманы алып, шектеулі мерзімде шешім қабылдап, өзінің бөлімшелерін сенімді түрде басқарды.

Бөлімше командирлері сеніп тапсырылған бөлімшені шебер басқара алатындарын, ал жеке құрам өз кезегінде, қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындай алу қабілеттіліктері мен үйлесімділіктерін көрсетті.

ҚР Қарулы Күштерінде 2017 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісі 2 қазанда басталғанын еске сала кеткен жөн. Бір ай ішінде тексеріске жеке құрамның 100%-ы қамтылады.

Қорытынды тексерістің мақсаты жауынгерлік даярлықтың жоспарларын сапалы орындау, бөлімшелер мен бөлімдердің шынайы жай-күйіне баға беру, сондай-ақ жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстап тұру жөніндегі жұмыстың үлгілері мен әдістерін жетілдіру болып табылады. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости