Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Атбасарға барды - Жаңалықтар | BNews

Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Атбасарға барды

14 қараша, 15:17 1188 Ақмола облысы
Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Атбасарға барды

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Атбасарда көктемгi су тасқынынан кейiнгi қалпына келтiру мақсатында атқарылған кешендi жұмыстар барысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Үкiметiнiң қаулысымен Атбасардағы көктемгi су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердiң құрылысы мен мектеп және қала сыртындағы лагерьдi күрделi жөндеуге қаржы бөлiндi.

Атап айту керек, бүгiнгi күнi Атбасарда су шайып кеткен Атбасар-Қима тас жолы бойындағы көпiр қалпына келтiрiлiп, темiр жол көпiрi де реттелген. Сондай-ақ, өзен бойындағы қар суы өтетiн көпiрлерде тазалау жұмыстары жүргiзiлген.

Аймақ басшысы құрылыс нысанында болып, мердiгер компания басшыларына сапаға ерекше назар аударып, нысанды уақытылы тапсыруды жүктедi.

Мұнымен қоса, былтыр су астында қалған мектеп пен аудандағы жалғыз жазғы лагерьдi күрделi жөндеуге Үкiмет қаулысымен қосымша 211 млн теңге қаржы бөлiндi. Сапары барысында Мәлiк Мырзалин, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен де кездесiп, олардың сұрақтарына жауап бердi.

ҚР Үкiметi қаулысымен күнi кеше Үкiмет резервiнен 1 911,8 млн теңге қаржы Атбасардағы көктемгi су тасқынынан зардап шеккендерге арналған алты 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлiндi. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары