Мамандар мектеп асханасында қандай тағам түрлерін сатуға болмайтынын айтты

Написать нам
25 қазан, 2018, 19:04 3090 Астана
Мамандар мектеп асханасында қандай тағам түрлерін сатуға болмайтынын айтты

Оқушылардың мәзірінде пайдалы және құнарлы тағамдар болуы қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мектептерде қандай тағам түрлерін сатуға болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Мектепте балалардың ыстық тағаммен тамақтануы олардың денсаулықтарын нығайтуға және оқу қабілетін жақсартуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мәзірінде пайдалы және құнарлы тағамдар болуы қажет. Күнделікті тамақтану рационына ет, сүт, сарымай, өсімдік майы, қара нан, бидай наны, көкөністер және қант кіреді.

Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі аптада бір рет беріледі. Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектептік бракеражды комиссия тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері және ата-аналар комитетінің төрағасы кіреді. Бракеражды комиссияның міндеті білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды және сапасын қадағалауды бақылау. Сонымен қатар, күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты тұлға тағамдарға және кулинарлық өнімдерге органолептикалық бағалау жүргізуі қажет.

"Мектеп асханаларында және буфеттерінде - кремі бар кондитерлік өнімдер, тұтынушылар қорабындағы кондитерлік өнімдер және тәттілер, қаймақ және майонез қосылған күрделі салат өнімдері, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тағам өнімдері, тез дайындалатын тағам концентраттарын қолдануға, тәтті алкогольсіз сусындар, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындар, концентратты шырындар, фаст-фудтар, гамбургерлер, чипсы, қытырлақ нандар, ащы соустар, кетчуп, ащы қоспалар сатуға тыйым салынады", - делінген таратылған ақпаратта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар