Мамандар менингитке жеткізбеу жолдары туралы айтты - Жаңалықтар | BNews

Мамандар менингитке жеткізбеу жолдары туралы айтты

Написать нам
29 мамыр, 2018, 16:35 1900 Астана
Мамандар менингитке жеткізбеу жолдары туралы айтты

Жұқтыру жолының 90%-ы ауа-тамшы жолымен тарайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин менингитпен ауырғанда өліммен аяқталу жағдайынан қалай құтылуға болатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісі.

"Өліммен аяқталу жағдайының барлығы науқастардың медицина қызметкерлерінің көмегіне кеш жүгінуінде болып отыр. Соңғы жағдайды өздеріңіз де білесіздер, ауырған студент жатақханасында 3-4 күн жата берген, дәрігерге бармаған. Медицина көмегіне жүгінген кезде тым кеш болған, сол себепті бұл жұқпаның өліммен аяқталуы дер кезінде медицина қызметкерлеріне қаралмауында болып отыр", - деді Бекшин.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы жоғары тыныс алу жолдарының ауруы кезінде санация жасауды ұсынды.

"Егер сіздің жұтқыншағыңыз ауырса, фарингит болса профилактикалық санациядан өту керек. Сондай-ақ, ата-аналарға өз балаларына санация жасауды ұсынамыз", - деді ол.

Бекшин бұл жұқпаның ауа-тамшы жолымен тарайтынын, бірақ тұмау мен ЖРВИ секілді адамдар арасында қарқынды түрде таралмайтынын айтты.

"Бұл жұқпа әрі тығыз қарым-қатынас болғанда ауа-тамшы жолымен жұғады. Жанасу жолымен жұқтыру да бар, бірақ оның дейгейі аздау. Жұқтыру жолының 90%-ы ауа-тамшы жолымен тарайды", - деді ол.

Ол менингиттің қоздырғышы бактерия болатын және қоздырғышы энтеровирус болатын сірлі менингококтық жұқпаға бөлінетінін айтты. Сірлі менингит жиі кездеседі, бірақ соңы өліммен сирек аяқталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: