Мамандарды қайдан аламыз? – Сағынтаев техникалық кадрлардың жетіспейтінін атап өтті

29 наурыз, 2018, 16:32 3396 Оңтүстік Қазақстан облысы
Мамандарды қайдан аламыз? – Сағынтаев техникалық кадрлардың жетіспейтінін атап өтті

Бақытжан Сағынтаев Қызылордада дарынды балаларға арналған  физика-математикалық мектепті ашу жобасын оң бағалады.

Жаңа білім жобалары туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ кәсіпкерлерінің ҚР Премьер-минисрі Бақытжан Сағынтаевпен өткен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қызылорда дарынды балаларға арналған физика-математикалық бағыттағы мектеп-интернат пен  300 орындық жатақхана құрылысы бойынша жобаға қаражат қарастырып жатыр. Бұл ауылдық жерлерден келген дарынды балаларға арналған мектеп болады", - деді Қырымбек Көшербаев.

Үкімет басшысы бұл ұсынысты қолдап, оның тек аймақ үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін маңызы зор екенін атап өтті.

"Нақты физика-математикалық мектеп ашу туралы бастама өте дұрыс. Бүгінде біз цифрландыру, индустрияландыру туралы жан-жақты айтып жатырмыз, ал колледждер мен университеттердің 75-80% студенттері гуманитарлық бағытта оқып жатыр. Болашақ кәсіпорындар үшін мамандарды қайдан табамыз?", - деді Үкімет басшысы.

Жаңа кәсіпорындарға мамандар әзірлеу бойынша Қызылорданың тәжірибесі қызығушылық тудырды. Аймақтың Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында дарынды жастарды оқыту бойынша келісімшарты бар.

"Биылғы жазда біз алғашқы 65 қызылордалық түлекті күтіп отырмыз. 2014 жылдан бері Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық  жоғарғы оқу орындарында 452 студент оқиды", - деді Қырымбек Көшербаев.

Ал осы жылдан бастап М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті "Киберқауіпсіздік" және "Процестердің математикалық моделі" мамандығы бойынша қосымша 20 грант бөледі. Сондай-ақ, Татарстан президентімен де жыл сайын 20 адамды оқыту туралы келісімшарт бары айтылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақтағы бизнесті дамыту мәселесін талқылады. Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің бизнесті дамытуға не кедергі келтіретінін, шешімін табудың қандай жолдары бар екенін және қалай көмектесуге болатынын білуі қажет екенін айтты.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысын МЖӘ жобалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары үшін мақтады. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР Премьер-министріне есеп берді. Қазіргі кезде аймақтағы балабақшалардың 71% мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жұмыс жасауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар