Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

16 шілде, 10:28 2116 Астана
Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Аталған учаскеде көлік қозғалысы шілде айының 15-нен (сағат 21:00) 25-не дейін шектеледі.

15-ші шілдеден Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу аясында Сарайшық көшесінен бастап Керей-Жәнібек көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты шілде айының 15-нен (сағат 21:00) 25-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара шектелетін болады", - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары