Маңғыстау облысында болған жол апаты сегіз адамның өміріне қауіп төндірді

11 Июня, 2018, 20:17 3099
Маңғыстау облысында болған жол апаты сегіз адамның өміріне қауіп төндірді |  | BNews.kz

Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен екі науқас ауыр халде.  

Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, сегіз адамның өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жол апатынан зардап шеккен екі науқас ауыр халде Жаңаөзендегі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тағы бес адамның түрлі дене жарақатын алғанын айтып отыр. Олардың жағдайы орташа тұрақты, сол жердегі травматология бөлімінде ем қабылдауда. Ал екі бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Жол-көлік оқиғасы 10 маусымда сағат 20:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы тас жолда болған. Жеңіл көлік қарама-қарсы бетте келе жатқан машинаға соғылған. Оның бірі толығымен өртеніп кеткен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Әйгерім Ибадуллаева оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

"Осы дерек бойынша ҚР қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 1-тармағымен Жаңаөзен қалалық бірыңғай соталды тергеу тізіліміне енгізілді. Алдын ала болжам бойынша, Lexus көлігін тізгіндеген азамат кінәлі деп танылуда. Ол автокөліктерді басып озу кезінде қарама-қарсы келе жатқан көлікпен арадағы қашықтықты сақтамай, сегіз адамның өміріне қауіп төндірген", - деді Әйгерім Ибадуллаева.

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу шаралары басталды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13933

Похожие новости