Маңғыстау облысында татуластыру орталықтары ашылуда

23 қазан, 2018, 16:47 1598 Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында татуластыру орталықтары ашылуда

Әр сенбі күні медиация кабинетінде медиатор-ақсақалдар бас қосып дауларды бітімгершілікпен реттеу тәсілдерін талқылайды.

Маңғыстау аудандық әкімдігінің ғимаратында бітімгершілік рәсіміне арналған кабинет ашылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров қатысушыларға медиация институтын кеңінен қолдануды насихаттау шеңберінде елде өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтты. Ол медиация кабинетінде достық сенім ахуалын орнату және туындаған дауларды бейбіт жолмен шешу үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтті.

Медиация кабинетіне  келушілер "Сот кабинеті" электронды сервисіне де қол жеткізе алады.

Кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Жұмабай Жанәділов татуласу әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ құрылған медиация кабинеті мен "Билер кеңесі" қоғамда дауды азайтуға септігін тизетінін, ал аудан тұрғындарына дауларды реттеу туралы оңтайлы, қолайлы шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде  аудан ақсақалдары тұрғындар арасында туындаған дауларды бітімгершікпен реттеудің маңыздылығын айтты. Олардың пікірінше, осының барлығы аймақта өзара түсіністік пен достық атмосферасын құруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта әр сәрсенбі күні медиация кабинетінде медиатор-ақсақалдар бас қосып, азаматтарға татуласу рәсімдерінің ерекшеліктерін түсіндірумен, дауларды бітімгершілікпен реттеу тәсілдерін талқылаумен айналысып, дауларды негізіне қарай медиативтік тәртіппен шешетін болды.

Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясының Бейнеу аудандық филиалының ғимаратында аудандық сот әкімдікпен бірлесіп, "Татуласу орталығының" ашылу салтанатын өткізді. Іс шара аудан  ақсақалдарының, ардагерлер кеңесі мүшелері мен медиаторлардың қатысуымен өтті.

Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов қатысушыларға дауларды сотқа дейінгі шешудің маңыздылығы туралы айтып, дамыған елдерде дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен реттеудің әлемдік практикаларын ерекше атап өтті.

Бейнеу аудандық сотының төрағасы Иниятулла Досетов кеңеске қатысушылаға "Сот төрелігінің 7 түйіні" бағдарламасының "Татуласу: сотқа дейін және сотта" деп аталатын басым бағыттарының бірі туралы баяндады. 

Кездесу соңында қатысушылар бірлескен жұмыстар бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар