Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің 37%-ы жұмыстан тыс уақытта еңбек еткен

26 қараша, 2018, 19:42 1739 Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің 37%-ы жұмыстан тыс уақытта еңбек еткен

Кейбірі жұмыс ауқымының көптігінен кідірсе, енді бірі басшылықтың тапсырмасын орындау үшін артық жұмыс істеген.

Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлердің 37 пайызы жұмыстан тыс уақытта еңбек етуге мәжбүр болған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлеген Мендалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ұйымдастырылған арнайы рейд кезінде облыстық білім басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының департаментінде кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыста отырған бірнеше қызметшілер анықталған.

Ерлеген Мендалиевтің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 89-шы бабында жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін жұмыс берушілерге әкімшілік жаза қарастырылған.

"Осы айтылып отырған үш мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына қатысты ақпарат құзырлы органдарға тиісті шешім алу үшін жолданатын болады", - дейді ол.

Айта кетейік, осы аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 28 пайызы демалыс күндері де жұмысқа шыққаны анықталып отыр. Ал Ақтау қалалық әкімдігінің төрт қызметкері тапсырманың көптігінен өткен жазда өз еріктерімен жұмыстан шығып кеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: