Маңғыстау облысының әкімі Каспий маңы мемлекеттері саммитінің маңыздылығына тоқталды

19 шілде, 2018, 18:02 3082 Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының әкімі Каспий маңы мемлекеттері саммитінің маңыздылығына тоқталды

Саммит 2018 жылдың 8 тамызында басталады деп жоспарланған.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтауға жұмыс сапарымен көршілес Түрікмен елінен арнайы келген делегациямен кездесті. Өлке меймандарын Түрікмен елінің төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмеков бастап келді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Тараптар Ақтауда 2018 жылдың 8 тамызында өтеді деп жоспарланып отырған Каспий маңы мемлекеттері саммитінің маңыздылығына тоқталып, халықаралық жиын екі ел арасындағы байланысты одан әрі күшейте түсетінін атап өтті.

Кездесу барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов алдағы саммит аясында Қазақстан мен Түркіменстан үшін маңызды үш мәселені көтерді. Атап айтсақ, көлік дәлізі, әуе қатынасы және қазақ-түрікмен арасындағы визалық мәселелерді талқылауды ұсынды.

Түрікменстандық дипломаттар алдағы саммит халықаралық байланыстарды дамытуға серпін берерін әрі бірлескен жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік беретінін айтып, маңызды шараны жоғары деңгейде өткізуде Қазақстанға сәттілік тіледі.

"Түрікменстан президентінің бастамасы бойынша сауда-экономикалық қатынастар мен Каспий елдері арасындағы көліктік ынтымақтастық туралы құжаттар әзірленуде. Алдағы саммитте аталған жоба бойынша нақты шешім қабылданатынына сеніміміз мол. Қазақстан қабылдаушы ел ретінде осы маңызды шараны жоғары деңгейде өткізуде сәттілік тілеймін", - деді Түрікменстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмеков.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: