Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында қуаты 42 МВт электр станциясы салынады - Жаңалықтар | BNews

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында қуаты 42 МВт электр станциясы салынады

23 шілде, 19:12 2102 Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында қуаты 42 МВт электр станциясы салынады

Ақтауда Түпқараған ауданында жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында қуаты 42 МВт электр станциясы салынады. Құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, "South Wind Power" ЖШС-нің бас директоры С.Парцикян, және "Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd" компаниясының өкілі Huang Cheng қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты. Осы мақсатқа жұмсалатын инвестицияның жалпы көлемі 60 млн АҚШ долларын құрайды.

"Жел қондырғысының құрылысы "Жасыл экономикаға" көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясының қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. Аталмыш жобаның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады", - деді шетелдік инвесторлармен кездесуді ашқан аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі таңда жер телімін рәсімдеу бойынша шаралар қабылданып, заңнама әзірленіп, келісілген құжаттамалар оң қорытындысын алған.

Сондай-ақ, жобаға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің орналасуы бойынша жоспар енгізілді. Есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ-мен желілерге қосылу туралы келісім жасалды.

Есіңізге сала кетейік, шалғай өңірде күн мен желден қуат алатын тағы бір жоба биылғы көктемде Ақтауға іргелес орналасқан Мұнайлы ауданында іске асқан еді.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде аймақ тарихында тұңғыш рет күн сәулесінен электр қуатын алатын станция ашылды, сондай-ақ, теңіз суын тұщытатын зауыттың іргетасы қаланды.

Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы станцияның жалпы ауданы - 36,05 га. Күн сәулесінен тәулігіне 2 Мвт электр қуатын алады. Жоба құны – 1,2 млрд теңге.

Стратегиялық маңызды нысан мемлекеттік "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы арқылы қаржыландырылды. Электр станциясын пайдалану үшін бас-аяғы 8580 күн панелі орнатылған.

Айта кетейік, бұл панельдер елімізде өндірілетін кремнийден жасалады. Яғни, бұл – отандық өндірістегі күн батареяларымен жұмыс істейтін тұңғыш электрлі станция. Жаңа қондырғы 300-ге жуық үйді таза электрмен қамтамасыз ете алады.

"2017 жыл Қазақстан халқы үшін табысты жыл болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында күллі әлем назарын аударған "Болашақ энергиясы" ұранымен "ЕХРО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі кең ауқымда аталып өтті. "Болашақ энергиясы" жобасының түпкі мақсаты – тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылды", - деді күн станциясының ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Дәл осы күні Қарақия ауданының орталығы Құрық елдімекенінде теңіз суын тұщытатын зауыт құрылысы басталды. Жоба құны 39 млрд теңге. Жеке инвесторлар қаражатымен салынатын кәсіпорын тәулігіне 50 000 текше метр ауыз су өндіруге қауқарлы. Салу жұмыстарына 300 адам жұмылған. Басым көпшілігі – жергілікті тұрғындар.

Зауыт пайдалануға берілген соң 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жобаның аяқталу мерзімі 2020 жылға белгіленді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ақтаулық тұрғындар электр тогы мен ауыз су тапшылығы зардабын тартып отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Каспий суын тазартып, халыққа ішуге жарамды етіп ұсынатын энергетикалық комбинаттың ыстықтығы 30 градусқа дейін көтеріліп кеткен теңіз суын тұщытуға қауқары жететін емес. Маңғыстау облысының орталығында аптап ыстық салдарынан ауыз су құбырларындағы қысым төмендеп, қалаішілік электр желілері бірінен соң бірі істен шығып жатыр. Көпқабатты үйлердің жоғары қабаттарына тіршілік нәрі жеткілікті көлемде жетпеуіне орай тұрғындар өкілетті органдарға шағымдануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: