Маңғыстау тас жолында бір күнде төрт адам қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

Маңғыстау тас жолында бір күнде төрт адам қайтыс болды

05 желтоқсан, 10:51 975 Маңғыстау облысы
Маңғыстау тас жолында бір күнде төрт адам қайтыс болды

Шетпе-Бейнеу тас жолында бір күнде екі бірдей жол апаты болып, төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау ІІБ баспасөз хатшысы Жазира Әбіл мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz lada.kz сілтеме жасап.

Жол апаты 1 желтоқсанда болған. Сағат 08.30-да Toyota Camry мен Volvo жүк көлігі соғысып қалған.

«Жеңіл автокөлік Шетпе-Бейнеу тас жолының 210-ы шақырымында қарсы жолға шығып, ауыр жүк көлігімен бетбе-бет келген. Toyota Camry көлігінің 1992 жылғы жүргізушісі мен оның 1951 және 1964жылғы жолаушылары қайтыс болды. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі аман», - деді Жазира Әбіл.

Кейіндеу тас жолдың дәл осы жерінде екінші жол апаты болды.

«Renault автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолға шығып, Lada Largus-пен соқтығысып, салдарынан Lada көлігіндегі бір жолаушы қайтыс болды. Қалған адамдар аман»,- деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі.

Екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 4 тармағы бойынша жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасын жасау белгіленіп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар