Маңғыстауда бағаның негізсіз өсуі бақылауға алынады

15 қараша, 2018, 12:31 1866 Маңғыстау облысы
Маңғыстауда бағаның негізсіз өсуі бақылауға алынады

Баға белгілеу кезінде ескерілетін негізсіз шығындарды алып тастау есебінен бағалар мен тарифтерді төмендетуді  қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер, құрылыс материалдары мен 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы, ЖЖМ тарифтері, байланыс қызметтері және басқа мәселелер бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы қоғам белсенділеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне, мемлекеттік басқармалар мен департаменттерге, құқық қорғау органдарының басшыларына бағаны төмендету жолдарын талқылауды және бағаны төмендетуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді бірлесе шешуге арналған жоспар әзірлеуді ұсынды.

"13 қараша күні Премьер-министрмен өткен Үкімет отырысында, Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын және тарифтердің құнын төмендету туралы тапсырма берілді. Баға белгілеу кезінде ескерілетін негізсіз шығындарды алып тастау есебінен бағалар мен тарифтерді төмендетуді  қамтамасыз ету міндеті қойылды", - деді Ералы Тоғжанов.

Оның сөзінше, халық кеңестердің, жұмыс топтарының, мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдерінің, бизнес өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және монополистердің жұмыстары туралы хабардар болуы қажет.

"Аталған топ өкілдері проблемалық мәселелерді ашық режимде талқылап, оны шешу жолдарын ұсыну қажет. Қазір біз, 1 желтоқсанға дейін қандай тауарлар мен қызметтерге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап нақты бағалар мен тарифтерді төмендете алатынымызды анықтап алуымыз керек", - деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар