Маңғыстауда ұлы қарт анасын өлгенше сабаған - Жаңалықтар | BNews

Маңғыстауда ұлы қарт анасын өлгенше сабаған

11 шілде, 10:11 2193 Маңғыстау облысы
Маңғыстауда ұлы қарт анасын өлгенше сабаған

Қатты соққының салдарынан 77 жастағы әйел адам көз жұмды.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында 77 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күдікті қазір уақытша қамау изоляторына қамалды.

Жан түршігерлік жағдай Бейнеу ауданындағы ауылда болды. Үйлердің бірінен 77 жастағы қарт әйелдің денесі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, кейуананың соққыдан қайтыс болғаны анықталды.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел-іздестіруі нәтижесінде ұлы күдікті ретінде қамауға алынды. Ер адамды тергеу кезінде ол кінәсін толықтай мойындады. Айтуынша, отбасылық жанжал кезінде анасын өлімше қылып сабаған. Қатты соққының салдарынан анасы көз жұмған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары