Маңғыстауда жеті баланың анасына үй сыйға берілді

11 қаңтар, 2019, 12:58 903 Маңғыстау облысы
Маңғыстауда жеті баланың анасына үй сыйға берілді

Үлкен отбасы енді өздерінің баспанасы пайда болғанына ұзақ уақыт сене алмады.

Мұндай сыйлықты Людмила Смагулова мен оның балаларына Ақтаудағы төрт кәсіпкер жасады. Енді олар екі бөлмелі жаңа үйде тұратын болады, деп хабарлады ИнАктау.

41 жастағы Людмила Смагулова 2006 жылы Атырау облысындағы ауылдан Маңғыстау облысында орналасқан ауылға көшіп келген. Әйел адам өзінің анасы қайтыс болған соң, бес ұл және екі қыз баласымен жалғыз қалған. Оның ең кіші баласы 2,5 жаста. Көп балалы ана күйеуімен ажырасып кеткен. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі көмектесіп тұрады, алайда бұл үлкен жанұя үшін жеткіліксіз. Людмиланың өзі кішкентай балаларын тәрбиелеп отырғандықтан, әзірге жұмыс істей алмайды. Қазіргі уақытта отбасындағы жалғыз көмекші Людмиланың 22 жасар үлкен ұлы.

"Менің үлкен ұлым жұмысқа тұрды. Бізге қолынан келгенше көмектеседі, біздің қамымызды ойлайды. Өзім үнемі жұмыс істейтінмін, бірақ кішкентай балаларым туылған соң, әзірше жұмысқа шыға алмаймын", - деді Людмила Смагулова.

Маңғыстауда бұл отбасы уақытша баспаналарды паналап жүрген – жақсы үй алуға қаржы жетпеді. Қайырымды жандардан бөлек, "Біз адамдармыз, біз біргеміз" қайырымдылық қоры азық-түлік пен ең қажетті заттарды жеткізіп, қол ұшын созды. Қор директоры Иманғазы Досмұхамбетовтың айтуынша, кәсіпкерлер Людмила туралы біліп, отбасына үй салып беру арқылы жаңа жылдық сыйлық жасауға шешім қабылдаған. 

"Екі бөлмелі үй Батыр ауылында салынды. Баспананың асүйі жабдықталған, жылу және электр қуатымен қамтамасыз етілген. Біз Людмила және оның балаларына сол үй туралы айтқанымызда олар енді өздерінің баспанасы пайда болғанына ұзақ уақыт сене алмады", - деп атап өтті Иманғазы Досмұхамбетов. 

Қазіргі кезде қордың директоры мен еріктілер әйел адамға үйдің жөндеу жұмыстарын жасауға көмектесіп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар