Маңғыстаулық жоғары сынып оқушылары Instagram-да "Жасыл мектеп" эстафетасын бастады - Жаңалықтар | BNews

Маңғыстаулық жоғары сынып оқушылары Instagram-да "Жасыл мектеп" эстафетасын бастады

03 наурыз, 2018, 16:38 2595 Маңғыстау облысы
Маңғыстаулық жоғары сынып оқушылары Instagram-да

Ақтау ауылының жеткіншектері қатарластарын өздерінен үлгі алып, мектеп аулаларын абаттандыруға шақырды.

Маңғыстау облысындағы Ақтау ауылының 11-сынып оқушылары өздерімен жасты жерлестерін мектеп аулаларын абаттандыруға шақырды, деп хабарлайды BNews.kz ИнАктау-ға сілтеме жасап.

Жеткіншектер мектеп ауласына ағаштар отырғызып, ландшафтың дизайнын жасаумен айналысқан. Сондай-ақ, олар жемісті ағаштарды отырғызуға орын дайындаған. 

Instagram-дағы бейнежазбада жасөспірімдер өздерінің қатарластарына "Жасыл мектеп" эстафетасын қабылдауды ұсынды.

"Қанекей, өзіміздің қолымызбен мектеп аулаларын жақсартайық! Мен эстафетаны барлық 11-сынып оқушыларына жолдаймын!", - дейді роликтің авторы Бекзат.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар