Машина жасау ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші – вице-министр

20 қыркүйек, 2018, 13:05 3598 Астана
Машина жасау ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші – вице-министр

Индустрияландыру аясында 100-ден аса ірі жоба іске асырылды

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр машина жасау саласының кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz 

Бүгін Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы басталды, онда машина жасаушылар саласын дамытудың өзекті мәселерімен қатар, жалпы өңдеу өнеркәсібінің ауқымды жүйелік мәселелері де талқыланады.

Роман Склярдың айтуынша, машина жасау деңгейі жалпы ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші саналады.

"Өздеріңіз білетіндей, машина жасау – ең күрделі әрі сараланған салалардың бірі. Сондықтан да болар, машина жасау саласы мемлекеттік реттеу шараларына аса бағынышты келеді. Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейіне қарамастан, машина жасау – мемлекет тарапынан елеулі қолдау шаралары ұсынылып жатқан, болашағы зор салалардың бірі", – деді бірінші вице-министр.

Бұл сала еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында басымдыққа ие сала ретінде анықталды. ИИДМБ бірінші бесжылдығын іске асыру жылдары машина жасау өте қарқынды дамып келе жатқан салаға айналды. Саладағы өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге дейін 2,3 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасау үлесі 9,7%-дан 14,8%-ға дейін өсті. Жалпы индустрияландыру жылдарында машина жасау саласында 100-ден аса жоба жүзеге асырылды.

ҚР ИДМ деректері бойынша, 2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгеден асты, өндіріс өсімі – 13,8% құрады. Машина жасау салалары арасында өсімнің ең үлкен динамикасын автомобиль жасау секторы көрсетеді. Осы жылдың 8 айы ішінде 117,7 млрд теңгеге 19 мыңнан астам автомобиль шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артық.

Роман Склярдың айтуынша, саланы мемлекеттік реттеу механизмдері Қазақстан дербес мемлекет болып қалыптаса бастаған кезден бастап құлдилады және бұл процесс саланың жай-күйіне ғана емес, елдегі және әлемдегі экономикаға байланысты болды. Мемлекеттік қолдаудың баламалы шараларын әзірлеу мақсатында Кәсіпкерлік, салық және Кедендік кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Машина жасауды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпорындарды да, тұтынушыларды да жеңілдікпен несиелендірумен қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, "Бәйтерек" ҰБХ арқылы көптеген қызмет түрлері ұсынылады, оның ішінде өндірістерді құру немесе жаңғырту бойынша жобаларды қаржыландыру және банк займдарының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бар.

"Осыған байланысты мысал ретінде жеңілдікпен автонесие беру және лизингтік қаржыландыру бағдарламасын атап өткен жөн, оның арқасында экономикалық құлдырау кезеңінде қазақстандық өнімге деген сұранысты ынталандырып, отандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдау мүмкін болды", – деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, "Қазақинвест" арқылы экспортты қолдау сияқты жалпы қолдау шаралары, сондай-ақ "Бәйтерек" желісі бойынша индустриялық жобаларды дамытуды ынталандыратын басқа да шаралар қолға алынған.

Роман Скляр машина жасау саласын одан әрі дамыту мақсатында биыл Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Машина жасаушылар одағымен бірлесіп 2019-2030 жж. арналған Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін айтты, оны VI Қазақстан машина жасаушылар форумының аясында мемлекеттік органдар, даму және бизнес институттарының өкілдері талқылайтын болады.

Сөз соңында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр аталған дамып келе жатқан саланы дамыту мақсатында мемлекеттік реттеудің қажеттілігін және бизнес үшін қолдау құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету саясатын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар