Мәскеу түбінде қайтыс болған ер адамдар, қазақстандықтар екені анықталды - Жаңалықтар | BNews

Мәскеу түбінде қайтыс болған ер адамдар, қазақстандықтар екені анықталды

26 ақпан, 18:35 810
Мәскеу түбінде қайтыс болған ер адамдар, қазақстандықтар екені анықталды

Олардың денесі қазақстандық нөмірлері бар көліктен табылған.

Қайтыс болған ер адамдардың үшеуі де қазақстандықтар. Олардың денелері қазақстандық нөмірлері бар ауыр жүк көлігінен табылған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

"2018 жылдың 24 ақпан күні Мәскеу облысы Новоселки ауылы маңында 1965, 1968 және 1971 жылы туылған азаматтардың денесі табылды. Олардың үшеуі де Қазақстан азаматтары, Қостанай облысының тұрғындары", - деді Әнуар Жайнақов.

Қайтыс болғандардың туыстарына хабар жіберілді.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі қажет консулдық-құқықтық  көмек көрсету және қайтыс болғандардың денесін Қазақстанға жеткізу бойынша қажет көмек жасауда.

Еске сала кетейік, осыған дейін үш ер адамның денесі Қазақстаннан келген ауыр жүк көлігінің ішінен табылғаны туралы хабарлағанбыз. Көлік ішінде кабинаны жылытуға арналған газ пеші бары анықталды. Алдын-ала болжам бойынша қайғылы жағдайға газдан улану себеп болуы мүмкін. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары