Мәскеу түбінде қазақстандық нөмірлері бар көліктен үш ер адамның денесі табылды - Жаңалықтар | BNews

Мәскеу түбінде қазақстандық нөмірлері бар көліктен үш ер адамның денесі табылды

25 ақпан, 10:49 932
Мәскеу түбінде қазақстандық нөмірлері бар көліктен үш ер адамның денесі табылды

Өлім себептері анықталуда.

Үш ер адамның денесі Қазақстаннан келген ауыр жүк көлігінің ішінен табылды, деп хабарлады  ТАСС РФ ІІМ МБ Мәскеу облысы бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Үш адамның денесі табылған көлік Қазақстаннан келген, деп хабарлады Мәскеу облыстық Басты тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Ольга Врадий.

Мәлімдемеде дене жарақаттары байқалмағандықтан, күш қолданып өлтіру белгілері жоқ екені айтылған. Көлік ішінде кабинаны жылытуға арналған газ пеші бары анықталды. Алдын-ала болжам бойынша қайғылы жағдайға газдан улану себеп болуы мүмкін. Оның нақты себептері арнайы сараптамадан кейін белгілі болады.    

Тексеру нәтижесі бойынша процессуалды қорытынды шығарылады, деп атап өтті тергеу басқармасының өкілі.                                 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары