Мәскеуде Қайрат Нұртастың концерті өтті - Жаңалықтар | BNews

Мәскеуде Қайрат Нұртастың концерті өтті

12 наурыз, 2018, 13:06 1718
Мәскеуде Қайрат Нұртастың концерті өтті

Мәскеулік тыңдармандар қазақстандық әншіні үлкен қошеметпен қарсы алды.

Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Мәскеуде өткен концертінің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. 

"Қайрат Нұртас Мәскеуде де Қайрат Нұртас, десең иә. Известия Холл клубындағы менің концертім",  - деп жазды белгілі әнші.

Әлеуметтік желідегі жариялым астына 1 мыңға жуық адам өз лебізін білдірген. Желі қолданушылары әншіге сәттілік тілеп, ақ тілектерін жаудырған.

"Қайрош, жарайсың! Біз сені жақсы көреміз, әрі талантыңды бағалаймыз. Биіктерді бағындыра бер", - деп жазған желі қолданушылары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар