Мәскеуде қазақстандық қысқаметражды фильм үздік сценарий үшін марапатталды

16 қараша, 2018, 17:36 2988 Астана
Мәскеуде қазақстандық қысқаметражды фильм үздік сценарий үшін марапатталды

Бұған дейін бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасында көрсетілген.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған режиссер Венера Қайыржанованың "Тығылмақ" қысқаметражды фильмі Moscow Shorts ISFF халықаралық байқауына қатысып, "Үздік сценарий" жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақфильм" киностудиясындағы "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі шығарған "Тығылмақ" фильмі ересектер проблемасына куә болған екі кішкентай қыз туралы баяндайды. Олар үйдегі ахуалдан қашу ойымен, көшеде тығылмақ ойнайды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасына, халықаралық "Еуразия-2018" кинофестивалінің басты байқауына, сондай-ақ Baikonyr Short Film Festival және "Бастау" фестивальдерінің конкурстық бағдарламаларына қатысып үлгерді.

Moscow Shorts ISFF – Мәскеуде өтетін қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы. Фестиваль аясында әр ай сайын жеңімпаздарды анықтап, оларды жабылу салтанадында марапаттайды. Аталған байқауды қысқаметражды фильмдерді кеңінен насихаттау мақсатында арнайы ұйымдастырған. Фестиваль ұйымдастырушылары әр ай сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең ерекше қысқаметражды фильмдерді халықтың назарына ұсынып отырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар