Мәскеуде өткен би байқауында алматылық бүлдіршіндер бас жүлдені жеңіп алды
Ұлттық би сайысына ТМД елдерінің балалары мен жастары қатысқан.
Мәскеуде өткен халықаралық би байқауында балалардың алматылық би тобы бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Бахар" кавказ биінің ансамблі байқауға "Жігіттер" және "Лезгинка" биімен сахнаға шықты.
Әділқазы мүшелері бидің ерекшелігі оның көпұлттылығында екенін айрықша атап өтті. 7 бен 16 жас аралығындағы бүлдіршіндер бас жүлдемен марапатталды. Көпұлтты қазақстандық ансамбль көреременнің ерекше ықыласына бөленді.
"Байқаудың деңгейі өте жоғары. ТМД елдерінен келген барлық би топтары жоғары шеберліктерін көрсетті. Бәсекелестік те өте жоғары болды, осындай сайыста бас жүлдені жеңіп алғанымыз бізді қатты қуантты", - дейді би тобының мүшесі Севиль Цой.
Байқауға қатысуға барлығы 1000-ға жуық өтініш келіп түскен екен. Іріктеу кезеңінен өткен би топтары ақтық сынға жолдама алған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
"Нұр Отан" партиясы жанынан Балалар құқығын қорғау бойынша кеңес құрылады
-
Мәдениет министрлігінің ұжымы өрттен қаза тапқан қыздардың ата-анасына бір күндік жалақыларын аударады
-
Назарбаев Астанада өрт салдарынан қаза тапқан бес баланың ата-анасына көңіл айтты
-
Еліміздің бірқатар өңірінде оқушыларға сабақ болған жоқ
-
"Қобыланды батыр" жырын жатқа айтатын оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін
-
Астаналық оқушылар қоршаған ортаны қалдықтардан қорғауға үлес қосты
-
Астаналық оқушыларға әдеби кітап оқудың маңыздылығы түсіндірілді
-
Қарағанды облысы оқушыларының робототехникаға деген қызығушылығы жоғары