Мәскеуде ТМД-ға мүше Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

23 қараша, 2018, 09:50 2682
Мәскеуде ТМД-ға мүше Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

Кездесу барысында халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының VI кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында делегациялар басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі қауіп-қатерлер тұрғысынан өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ауғанстандағы ахуал мен Орталық Азиядағы мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі шаралар, терроризм мен діни экстремизмді қаржыландыруды болдырмау, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары деңгейіндегі кезекті екі жақты консультациялар аясында Ғабит Байжанов ресейлік әріптесі Николай Патрушевпен келіссөз өткізді.

Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік саласындағы екі жақты қарым-қатынастардың кең ауқымды бағыттары, соның ішінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар