Мәскеуде "Ұлы дала алтыны" көрмесі өтеді

07 ақпан, 2019, 12:52 13330
Мәскеуде

Көрермендер 2500 жыл бұрынғы патшалардың өлмей, жерасты сарайларына мәңгілік ұйқыға кеткен кезін тамашалай алады.

Наурыз айының 2-20 күндері аралығында Мәскеу қаласындағы Ресей заманауи тарихы мемлекеттік орталық мұражайында "Ұлы дала алтыны" атты көрме өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ұлы дала алтыны" көрмесі көрермендерін 2500 жыл бұрын уақытқа әкетіп, патшалардың өлмей, жерасты сарайларына мәңгілік ұйқыға кеткен кезді көрсетеді.

"Мұндай бірегей қорғандар Шығыс Қазақстанда орналасқан. Олар "Патшалар алқабы" деп аталып кеткен. Берель алқабында қазба жұмыстарын жүргізген кезде, археологтар онда екі мың жыл өтсе де өте жақсы сақталған бірегей қорымдарды анықтаған", - делінген хабарламада.

"Ұлы дала алтыны" көрмесінде сол уақыттағы атты және ат әбзелдерін, сондай-ақ Алтын адамды, біздің заманымыздағы жоғары технологиялар кезінде де жасала қоймайтын бірегей техникамен орындалған көптеген әшекей бұйымдар, семсерлер мен қанжарлар, ерте замандағы адамдардың мүсіндері мен еңбек қаруларын тамашалауға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Алтын #көрме #Ресей

Читайте также

Похожие новости