Мәулен Әшімбаев партия жұмысын әлеуметтік желіде талқылауды ұсынды

3 Марта, 2018, 15:25 2750
Мәулен Әшімбаев партия жұмысын әлеуметтік желіде талқылауды ұсынды |  | BNews.kz

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Facebook әлеуметтік желісіне тіркеліп, алғашқы жазбасын жариялады.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары  Facebook әлеуметтік желісіне тіркеліп, алғашқы жазбасын жариялады. Онда Мәулен Әшімбаев қолданушыларға желі арқылы партия жұмысы мен оны жаңғыртуды және басқа да өзекті мәселелерді талқылауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгінде партиямыз жаңғырудың жаңа биігіне бет түзеп, ауқымды жұмыстарды қолға алған шақта менің де Facebook-ке тіркелуім заңды құбылыс әрі дер кезінде жасалған қадам деп есептеймін. Себебі, бұл жерде әртүрлі идеялар көпшіліктің назарына ұсынылып, қызу талқыланатыны белгілі. Олардың арасында біздің саяси ұйым үшін де пайдалы болуы мүмкін өзекті ойлар айтылып жатады", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ұтымды ойлар мен парасатты пікірлерге әрдайым ашық екенін жеткізген. Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев өз жазбасында барлық мүдделі тараппен, соның ішінде үкіметтік емес және саяси ұйымдармен де өзара қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтып өткен.

"Сіздер әрдайым жеке хабарлама арқылы немесе m.ashimbayev@nurotan.kz электронды почтама хат жолдай аласыздар. Бұл жерде ең өзекті мәселелерді талқылап, өмірімізді одан әрі жақсарта түсетінімізге сенемін", - деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13854

Похожие новости