Мәжбүрлеп таратылған "Астана Банкінің" салымшылары төлем сомасын онлайн түрде тексере алады

25 қаңтар, 2019, 15:47 3000
Мәжбүрлеп таратылған 

Өтемақы "Астана Банкі" АҚ-ның әр салымшысына өтініш негізінде кез келген филиалда немесе "Еуразиялық банк" АҚ агент банкінің бөлімшесінде төленеді.

Кепілдік төлемдердің басталуына байланысты "Астана Банкі" АҚ-ның тарату комиссиясы Банк салымшылары – жеке тұлғалар "Еуразиялық Банк" АҚ-ның (агент банк) www.eubank.kz сайтында төлем сомасын дербес тексере алады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" ҚР Заңына сәйкес "Астана Банкі" АҚ-ның тарату комиссиясы сот шешімі заңды күшіне енген күнге теңгенің шетел валютасына нарықтық айырбастау бағамын, салымдар бойынша сыйақыны есептеу мен капиталдандыруды, депозиттердегі, оның ішінде шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өзара есепке алуды, кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша салымшылардың банк алдындағы ақшалай міндеттемелерін, сондай-ақ банк лицензиясынан айырғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардың шоттарына есепке жатқызуды ескере отырып "Астана Банкі" АҚ-ның әрбір салымшысы алдындағы міндеттемелер тізілімін қалыптастыратынына салымшылардың назарын аударған жөн", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық банкте "Астана Банкі" АҚ салымшыларының агент банктің кассасында ақшаны қолма-қол ақшамен немесе өтініште көрсетілген банк шотына аудару арқылы алу мүмкіндігі болатыны туралы хабарлады. Агент банктің салымшылар үшін басымдық белгілеуге немесе өтемақы алу тәсілін еркін таңдауға кедергі келтіруге құқығы жоқ.

Өтемақы "Астана Банкі" АҚ-ның әр салымшысына өтініш негізінде кез келген филиалда немесе "Еуразиялық банк" АҚ агент банкінің бөлімшесінде төленеді.

Барлық төлем теңгемен ғана төленеді. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемақы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.

"Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы сомасын есептеу үшін "Астана Банкі" АҚ-да 2019 жылғы 9 қаңтардағы валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады, атап айтқанда, АҚШ долларындағы депозиттер бойынша – 373,66, еуродағы депозиттер бойынша – 427,80, Ресей рубліндегі депозиттер бойынша – 5,57, фунт стерлингіндегі депозиттер бойынша – 476,90", - деп атап өтте ҚР Ұлттық банкінде.

Кепілдік берілетін сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақы алумен қатар, даулы мәселелері (салымшылар тізілімінде болмауы) бойынша 2019 жылғы 18 қаңтардан 18 наурызға дейін "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша талап қоюға құқылы:

- Алматы қ., Көктем-2 ш/а, 22-үй, тел.: 8 (727) 259-60-60;

- Астана қ., Б. Момышұлы даңғ., 14, ЖҮ 8, тел.: 8 777 154 88 79;

- Ақтау қ., 4 ш/а, 73-ғимарат, тел.: 8 (7292) 70-10-25 (ішкі 15012, 15001);

- Ақтөбе қ., Саңқыбай батыр даңғ., 249, тел.: 8 (7132) 70-47-89, 70-47-62;

- Атырау қ., Сәтбаев к-сі, 19, тел.: 8 (7122) 55-80-21;

- Өскемен қ., Орджоникидзе, 35, тел.: (7232) 56-09-96;

- Қарағанды қ., Степной 2 ш/а, 6/1, тел.: 8 (7212) 55-99-01 (ішкі 16003, 16020, 16018);

- Павлодар қ., Киров к-сі, 115/1, 33, тел.: 8(7182) 70-39-97 (ішкі 17031, 17045);

- Шымкент қ., Д. Қонаев к-сі, 13 (тел: 8 (7252) 99-71-80).

Бұған дейін "Астана Банкінің" салымшылары қайдан өтемақы ала алатыны туралы хабарлағанбыз. 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілде бойынша мерзімде "Еуразиялық банк" АҚ (банк-агент) "Астана Банкі" АҚ салымшыларынан өтiнiштер қабылдауды және өтемақы төлеудi жүзеге асырады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Ұлттық банк #депозиттік салымдар #тексеріс

Читайте также

Похожие новости