Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов ШҚО-да сайлаушылармен кездесті

12 шілде, 2017, 16:27 445
Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов ШҚО-да сайлаушылармен кездесті

10 шілдеден бастап Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сәбильянов Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

Екі күннің ішінде депутат Аягөз ауданының Тарбағатай, Ақшы, Қарағаш, Сарыарқа, Баршатас, Қосағаш, Мадениет, Айғыз ауылдарында кездесулер өткізді.

Кездесулерде депутат Н.Сәбильянов сайлаушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының нақты бағыттары, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі заңдар және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туралы айтып берді.

Сайлаушылар өз кезегінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, микронесиелеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, көлік жолдарын жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері, медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, білім саласын жақсарту, интернет желісі, әлеуметтік нысандарды құру туралы және басқа да мәселелерді көтерді.

Сайлаушылардың қойылған сұрақтарына депутат өз жауабы мен түсіндірмесін берді. Сондай-ақ, кездесулер барысында депутат Н.Сәбильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келесі кездесулерді депутат Н.Сәбильянов Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Шыңқожа ауылында, Аягөз қаласында, Жарма ауданының Шар қаласында және Қалбатау, Суықбұлақ, Бірлік, Жаңғызтөбе, Үшбиік ауылдарында, Үржар ауданының Қарақол, Шолпан, Жоғарғы Егінсу, Ақшоқы, Қарабұта, Көктал, Үржар, Бестерек, Жаңа тілек ауылдарында жалғастырады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы

Читайте также

Похожие новости