Мәжіліс депутаттары Атыраудағы орман шаруашылығымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Мәжіліс депутаттары Атыраудағы орман шаруашылығымен танысты

12 қаңтар, 16:57 1709 Атырау облысы
Мәжіліс депутаттары Атыраудағы орман шаруашылығымен танысты

Сондай-ақ, олар іссапар барысында Махамбет ауданы Махамбет селосынан Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының Махамбет ауданында Мәжіліс депутаттары Бақтыгүл Хаменова, Ирина Унжакова, Бақытжан Ертаев «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Бүгінгі таңда орман және жануарлар дүнисін қорғау, ағаш көшеттерін егіп шығарып, оларды өсіру, орманды өрттен сақтау, орман зиянкестерімен күресу және оны алдын-ала тексеру, орман ағаштарын күтіп-баптау мақсатында тазарту, сирету, санитарлық күтіммен кесу және өртке қарсы минералды жолақтар жүргізу міндеттерін іске асыратын мекемеде 36 адам жұмыс жасайды.

Кездесу барысында депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, еңбек ұжымы мүшелерінің өзекті сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары осы күні іссапар барысында Махамбет ауданы Махамбет селосынан Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысымен танысты.

Жалпы құрылыстың ұзындығы 8,68 шақырымды құрайтын (кірме жолымен қосқанда) көпір өткелі Махамбет ауданында салынуда. Ол республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолы мен облыстық маңыздағы «Атырау-Индер» жолдарын жалғайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары