Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауының негізгі басым бағыттарына тоқталды

26 қазан, 2018, 15:48 3192 Ақмола облысы
Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауының негізгі басым бағыттарына тоқталды

Кездесу барысында зейнетақы, жалақының көбеюі, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері талқыланды.

Ақмола облысында іс сапармен жүрген Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қабиболла Жақыпов және Шавкат Өтемісов Атбасар ауданының Покровка ауылының  тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халық қалаулылары ауыл тұрғындарымен Елбасы Жолдауының негізгі басым бағыттарына тоқталып, бес әлеуметтік мәселені де талқылады.

Кездесу барысында зейнетақы, жалақының көбеюі, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ, азық-түлік бағасының қымбаттауы, ұсақ ауылдардың жабылуы, құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері айтылды

Мәжіліс депутаттары жуыр арада "Педогог мәртебесі" туралы заң жобасының келіп түсетіндігін, бұл бағытта халық қалаулыларының мұғалім мәртебесін арттыру үшін бірқатар сұрақтарды көтеретінін жеткізді.

Жалпы, Атбасар ауданындағы Покровка ауылы облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекен. Соңғы жылдары ауыл түлеп, қарқынды түрде дамып келеді. Биылғы жылы ауылдағы фельдшерлік акушерлік емханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, екі мыңнан астам халыққа арналған кардиограф аппараты мен жедел жәрдем көлігі сатып алынған.  Ауыл мектебі өткен жылы 90 миллион теңгеге  күрделі жөндеуден өтіп, бөлмелер, асхана мен спортзал заман талабына сай жабдықталған. Биылғы жаңа оқу жылында "Нұр Отан" партиясының "Балаларға тегін ІТ сыныптар" партиялық жобасы аясында, жергілікті тұрғындардың демеушілігімен  ІТ сыныбы мен робототехника кабинеті ашылған.  

Ақмола облысында іс сапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары Қорғалжын, Целиноград, Аршалы, Егіндікөл және Атбасар аудандарының шалғай ауылдарына барды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар