Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы баспанамен қамту мәселесіне назар аударды

23 қазан, 2018, 15:48 1567 Астана
Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы баспанамен қамту мәселесіне назар аударды

Бөлінген 67 га жер телімінде 47 үй салынып, 5190 пәтер пайдалануға берілуі тиіс.

Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова, Асылбек Смағұлов, Василий Олейник, Сергей Симонов және Әлия Сапарова Қостанай қаласындағы "Юбилейный" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болды, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бұл жобаны 2020 жылы тапсыру жоспарланған. Бөлінген 67 га жер телімінде 47 үй салынып, 5190 пәтер пайдалануға берілуі тиіс. Қазіргі уақытта 25 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, мұнда 280 орындық 2 балабақша, 1200 орындық мектеп, емхана, мұз сарайы, ұлттық мәдениет орталығы, смарт-орталық және қонақүй құрылыстарын салу көзделген.

Депутаттар нысанды жоспарланған мерзімде бітіру қажеттілігіне назар аударып, пәтер құны, бөлмелердің шаршы көлемі, жылу маусымына дайындық сияқты бірқатар мәселелерге мән берді. Облыстық құрылыс басқармасы өкілінің айтуынша "Юбилейный" шағын ауданындағы пәтерлер "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы шеңберінде сатылмақ.

Бұл бағдарлама бойынша әкімдіктерге бастапқы жарналарды жергілікті бюджет есебінен ішінара субсидиялау тетіктерін қарастыру тапсырылған. Ол бойынша жас отбасылар мен бюджет саласының қызметкерлері үшін жеңілдіктер қарастырылатынын айтып, "Юбилейный" шағын ауданында жыл соңына дейін, 5 үй, соның ішінде 600 пәтер іске қосылатынын жеткізді.

"Елбасының "7-20-25" бағдарламасының арқасында бүгінгі таңда түрлі мамандық иелеріне өздерінің тұрғын үйлеріне ие болу үшін жақсы мүмкіндік берілді. Бұл бағдарлама елімізде тұрғын үйге деген сұраныстың ауқымдылығынан, жеке тұрғын үй алғысы келетін жастарымыздың көптігінен туындап отыр. Жалпы Президенттің "Бес әлеуметтік бастамасы" бүгінде елімізде белсенді түрде іске асырылуда", - деді депутат Асылбек Смағұлов.

Мемлекет Басшысының тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру Қостанайда қарқынды түрде іске асырылып жатқанын көрген халық қалаулылары "7-20-25" бағдарламасына сұранысты жоғарлату үшін, облыста құрылыс компаниялардың санын көбейту қажеттігіне тоқталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар